Модули
Новости

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 1

«Оңдық бөлшектерге амалдар қолдану» «Оңдық бөлшектерге амалдар қолдану»
Автор: Психолог маманы Мукушева З.Б.

Педагогикалық-психологиялық зерттеу

Педагогикалық-психологиялық зерттеу

 

          Мектепте  психолог тарапынан қазан айында жүргізілген жұмыстар зерттеу мен диагностика бағытында жүргізілді.

          Диагностикада пайдаланған әдістемелердің мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін анықтау, дамуын, бейімделуін, сырттан байқалмаған қасиеттерін зерттеу.

         Қолданылған  әдістер: ойындар, тесттер, суреттер мен көңіл-күй күнделігі, сауалнамалар, логикалық тапсырмалар, карточкалар, баланың интеллектуалдық дамуын ары қарай дамытатын ойындар (кубиктар, пазлы, лего, алфавит, әдемі сандар т.б.)

 

Жеке  және топпен жүргізілген  жұмыстары:

1 сынып- «Көңіл-күй күнделігі» - бейімделу процесін зерттеу

2 сынып – Геометриялық тест 

4 сынып – Логикалық тапсырмалар «Бұл қызық» (карточкалармен жұмыс)

5 сынып – «Менің сүйікті Отбасым» - сурет.

6 сынып – «Қиыншылықтарға өзің қарсы бола аласың ба?» - сауалнама

9 сыныптар – «Менің болашақ мамандығым» сурет

Кәсіптік бағдар 11 сыныппен  – «Болашаққа жол» - тренинг-сабақ, «Климовтің жекелеп диагностикалау сауалнамасы»

Тәртібі нашар балалармен жеке әңгімелесу.

ПМПК топпен – Торранс креативтілігі, Сана-сезімді зерттеу, «қателерді дұрыстау» - әдістемесі, есту арқылы есте сақтау деңгейлерін зерттеу.

Ағарту жұмысында: Жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдермен «Балаларды психоэмоционалдық қысымнан шығару» атты дәріс оқылды.

5 сынып ата-аналарымен «Сіздің балалармен қарым-қатынасыңыз» атты тақырыбында жұмыс жүргізілді. Қиын бала және оны тәрбиелеудегі проблемалар туралы жалпы түсініктемелер берілді.  (5 сыныптың барлық  пән мұғалімдері қатысты).

  Өткізілген жұмыстардың қорытынды нәтижелері хаттамаларға түсірілді. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстар қайталауды қажет етеді.

    

 

 

Ғ. Әбдірахманұлы атындағы

 Қима орта мектебінің

психолог маманы

Мукушева З.Б.


Просмотров: 382
Дата создания: 22.11.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource